Басты жаңалықтар
Финляндия ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды
- Толығырақ
- Құрылды 31.08.2016 17:01
Бүгін Астанада Финляндия Республикасының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу шартына қол қоюы өтті. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла қол қойды.
Обращение Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева в связи с избранием Казахстана в качестве непостоянного члена Совета Безопасности ООН на 2017-2018 годы
- Толығырақ
- Құрылды 30.06.2016 11:36
Қымбатты отандастар!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды.
Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді.
Бұл Кеңес - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган.
«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»
- Толығырақ
- Құрылды 29.06.2016 12:30
«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ
ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.