Туризм

Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Сонымен қатар бұл өз кезегінде транспорттық, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдады. 1993 жылы егемен cl2Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымына мүше болып, туризмді дамытудың алғашқы бағдарламасын жасаған болатын. Ал 1997 жылы «1997-2003 жылдары аралығында Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды қайта жаңарту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылымдарды құру туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді. 

Қазақстан-2030 дамуының стратегиялық бағдарламасында да бұл саланың аса зор маңызы бар екені атап көрсетілген.Тиімді және бәсекеге қабілетті туристік бизнесті және осы мақсатқа сәйкес имиджді орнықтыру мақсатындағы 2003-2005 жылдарға арналған жоспарланған жоба табысты жүзеге асырылды.

Туризм Индустрия және сауда министрлігіндегі сауда және туризм комитетінің қарауында. Қазіргі уақытта Комитет Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, елімізге келуге қызықғушылық таныстатын адамдар үшін визалық процедураларды жеңілдету жоспарын әзірлеуде. gg

Ауыл шаруашылығы министрлігімен Ұлттық саябақ бойынша туристік маршруттар келісіліп, экологиялық туризм, ал Білім және Ғылым министрлігімен қажетті кадрларды даярлау үшін қаражаттар қарастырылды. Ұлы Жібек жолы бағытындағы туризмді қалпына келтіру үшін Көлік және коммуникация министрлігі көп шараларды іске асыруда. Қазақстандағы туризм туралы қосымша ақпарат келесі веб-сайттарда жарияланған: www.visitkazakhstan.kz

 

Web bage by VG-Studio