Саясат

Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Дүниежүзілік банк (ДҚДБ), Европалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азиялық даму банкі (АДБ), Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ), Ауғанстанды, Әзербайжанды, Орталық Азия елдерін, Иранды, Пакистанды және Түркияны біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ). 1992 жылы Қазақстан Алматыда өз өкілдігі бар Европа Одағымен (ЕО) техникалық ынтымақтастық туралы келісім жасады. 1995 жылы Қазақстан НАТО «Бейбітшілік үшін серіктестік» Бағдарламасына қосылды.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтін мемлекеттер арасында ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынастар, олардың теңдігі мен бір бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбітшілік жолымен шешу саясатын жүргізеді.

Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет болып табылады. Мемлекет Басшысының өкіміне сәйкес 1991 ж. Семей ядролық сынақ алаңы жабылды, 1992 ж. Қазақстан аумағында тұрған ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды. 1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан парламенті ядролық қаруды таратпау туралы Шартты бекітті. 1994 ж. Ресей, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдеме беру туралы Будапешт меморандумына қол қойылды. Сондай кепілдемелер Франция мен Қытай Халық Республикасынан да алынды. 1996 жылы Қазақстан толық қамтылатын ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шартқа қатысушы, 1999 жылы Женевада қарусыздану бойынша Конференцияның толық құқылы мүшесі болды.

Қазақстан Республикасы бірқатар аймақтық ұйымдардың мүшесі және маңызды халықаралық бастамалардың ұйытқысы болып табылады.

Азияда өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс

1992 жылы БҰҰ БА 47-Сессиясында Н.Назарбаев ұйытқы болған Азияда өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс (АӨСШМ) Қазақстанның өте маңызды бастамасы болып табылады.

Бұл бастаманың мәні Азия құрлығында превентивтік дипломатияның тиімді механизмін жасауда, әлемнің басқа аймақтарда мұндай механизм әлі қалыптаспаған.

Қазіргі уақытта 16 мемлекет АӨСШМ мүшесі және 10 бақылаушы болып табылады (Анықтама: Қазақстаннан басқа АӨСШМ мүшесі болып табылатын мемлекеттер: Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Индия, Иран, Израиль, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пакистан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Бақылаушы мемлекеттер: Австралия, Вьетнам, Индонезия, Корея, Ливан, Малайзия, АҚШ, Тайланд, Украина, Жапония). АӨСШМ үдерісін бірқатар халықаралық ұйымдар қолдайды – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы.

Азиядағы өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжіліс жас қазақстан мемлекетінің жетілгенін және оның аймақтық қана емес, одан да кең әлемдік маңызы бар ірі халықаралық бастамаларды көтеріп қана қоймай жүзеге асыруға да қабілетті екенін көрсетті. Жұмыс барысында Алматы Актісі, терроризмге қарсы күрес және өркениеттердің диалогы бойынша декларация, АӨСШМ сенім шараларының Каталогы және ұйым Процедурасының Ережелері сыяқты маңызды ұйымдастыру құжаттары қабылданды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың евразия идеясының тағы бір дәлелі бұрын болған Кедендік Одақ негізінде 2000 жылдың қазанында Евразиялық Экономикалық Қауымдастық (ЕврАзЭҚ) өмірге келді. Оған Қазақстаннан басқа Ресей, Белорусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Қатысушы мемлекеттер арасында интеграциялық үдерістерді дамыту, бірегей экономикалық, құқықтық, әлеуметтік-мәдени кеңістік құру ұйымның негізгі міндеті болып табылады (анықтама: негізгі басқару органдары – Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қауымдастықтың Соты). Бүгінгі күнде ЕврАзЭҚ интеграциялық өзара іс-әрекеттер жүйелі және қисынды жолға түсуде.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Қазақстан өз мемлекеттігін қалыптастырудың бастапқы сатысында Орталық Азияның бірқатар басқа мемлекеттеріндей күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларға тап болып қана қоймай шекара мәселелерін, атап айтқанда,бұрынғы Кеңес Одағы ондаған жылдар бойы осындай өте маңызды проблеманы шеше алмағандықтан, Қытаймен шекара мәселесін шешу қажеттілігіне тап болғанын атап айту керек. Оны шешу үшін бір ғана мүмкіндік жолы таңдалды - өзара мүдделерді ескеру негізінде келіссөз жүргізу жолымен даулы мәселелерді бейбіт түрде ретке келтіру. Соның нәтижесінде 1996 жылы “Шанхай бестігі” ұйымы құрылды, оған Қазақстаннан басқа Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан кірді.

“Шанхай бестігі” шеңберінде атқарылған жұмыс нәтижесінде жүздеген жылдар шешімін таппай тұрған шекара мәселелерін реттеуге, евразиялық кеністіктегі жағдайларды айтарлықтай сауықтыруға, аймақта өзара сенімді, тұрақтылықты және қауіпсіздікті күшейтуге қол жеткізілді.

Шекаралық проблемаларды және шекара бойындағы сенімділік шараларын ретке келтіру бойынша бастапқы міндеттерді шешкеннен кейін “Шанхай бестігінің” мүшелері аймақтық қауіпсіздік, діни экстремизммен және халықаралық терроризммен күрес, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық бағытында бірте - бірте бірлесіп іс-әрекеттер жасау аумағын кеңейтті. 2001 жылы “бестікке” Өзбекстан қосылғаннан кейін ұйым Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып аталды. Жалпы алғанда, 1996-дан осы уақытқа дейінгі кезеңде ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының кездесіулері барысында оған кіретін елдерді жақындастыруға және ұйымды институционализациялауға ықпал ететін бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. 2002 жылдың маусымында Санкт-Петербургтағы ШЫҰ Саммитінде негізге алынатын құжат – ШЫҚ Хартиясы қабылданды.

Орталық Азиялық Ынтымақтастығы

Түрлі деңгейдегі және көпсатылы аймақтық интеграция түрлерінің бірі болып саналатын Орталық Азиялық Ынтымақтастық (ОАЫ) Ұйымы Орталық Азиядағы тағы бір интеграциялық құрылымы болып табылады.

(Анықтама: Ұйымды құру туралы Шартқа 2002 жылдың 28 ақпанында Алматы қ. қол қойылды. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы оның мүшелері болып табылады. ОАЫ 1994 жылы құрылған Орталық-Азиялық Экономикалық Қауымдастықты қайта құру жолымен өмірге келген).

ОАЫ іс-әрекеттері аймақтағы тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті интеграциялық үдерістерді дамытуға, ең бастысы экономика саласында оптималдық өзара тиімді байланыстарды дамытуға, алдағы ішкі реформалар үшін қолайлы сыртқы орта жасауға бағытталған.

Әскери–саяси салада ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен, экстремизммен заңсыз қару-жарақ, есірткі айналымымен, экономикалық саладағы қылмыстармен күрес жүргізудегі ынтымақтастықты жалғастыруды қалайды. Бұл жерде өзара іс-әрекеттердің нақты формалары қарастырылған, атап айтқанда тергеу жұмыстарын және арнайы шараларды бірлесіп өткізу. ОАЫ қатысушылар “Центразбат” бірлескен әскери батальон құрған, есірткенің заңсыз айналымымен күресу бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру үшін есірткелік психотроптық заттарды және прекурсорларды бақылау бойынша Мемлекетаралық Комиссия құрылған. Бірегей экономикалық кеңістік туралы Шарт Қазақстан Республикасы мүше мемлекеттер арасында тығыз сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған Белорусь, Қазақстан, Ресей және Украина арасындағы Бірегей экономикалық кеңістік туралы Шартқа қатысушы болып табылады.

Web bage by VG-Studio