Ақпарат

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!  

 

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 Жарлығынасәйкес 2016 жылғы 20 наурызда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. 

Қазақстандық заңнамаға сәйкес 2016 жылдың 20 наурызында шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері құрылады. Осыған орай, Финляндия мен Эстонияда тұрақты тұратын, уақытша келген немесе оқып жүрген ҚР азаматтары өздерінің сайлау құқықтарынҚазақстанның Финляндиядағы Елшілігінде (Хельсинки қ., Unioninkatu 24) орналасқан №254 сайлау учаскесінде және Эстониядағы Консулдығында (Таллинн қ., Tartu mnt. 18) орналасқан №252 сайлау учаскесінде жүзеге асыра алады.

Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өзіңіз туралы ақпаратты (толық аты-жөні, туған күні және тұрақты мекенжай) ҚР Хельсинкидегі Елшілігіне +385942472048, +385451634460 телефондары арқылы (Финляндия үшін) немесе helsinki-consul@kazembassy.fi және ҚР Таллинндегі Консулдығына +372 662 2926, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. арқылы (Эстония үшін) хабарлауды сұраймыз.

Дауыс беретін күні өздеріңізбен бірге төлқұжаттарыңызды (ҚР азаматының паспорты және/немесе жеке куәлік) ала келуді сұраймыз. 

Сайлау 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін сайлау учаскелерінде өткізіледі.

Web bage by VG-Studio