Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ

МАЗМҰНЫ

Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған

ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан

Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар

адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді

.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мүлікті жария еткені үшін алым – осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені

үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем;

2) мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан

шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті

емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі;

3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан

Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын

және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының

аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы

шешім шығаруға уәкілетті комиссия;

4) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда

белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

5) тиісті емес тұлға (бұдан әрі – басқа тұлға) – алған табыстарын жасыру мақсатында жария

ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға.

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері

алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

2. Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада

көрсетілген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды

жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218,

221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кінәлі деп таныған соттың үкімі;

2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2,

155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1,

206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық

бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды

адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды.

3-бап. Мүлікті жария ету ерекшеліктері

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік:

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен

және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету

субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін,

Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария

етуге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген:

1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың

конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат

қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке,

ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет

мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа

, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;

2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен

қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де

қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында

көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау

;

3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды,

мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;

4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау

нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

3. Сонымен қатар:

1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;

3) кредиттер ретiнде алынған ақша;

4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;

5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету

жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының

әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы

шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік

объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес

жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының

шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31

желтоқсанда аяқталады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1

қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етiлген мүлiк

туралы ақпарат

1. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері

мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының

заңдарында көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе

оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті.

2. Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария

етілген мүлiк бөлігіндегі мақсаттары үшін осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу

процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттердi,

оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкiмшiлiк және тәртіптік жазалау шараларын

қолдану жөнiндегi процестік әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады.

6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi

немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген

заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс

жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады.

2. Алым:

1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,

жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу

құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

Осы тармақшада көрсетілген мүлiк бойынша алым мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға

дейін төленеді.

3. Осы Заңның 7-бабының 5 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төленген

алымды қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жария ету

субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

7-бап. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi ұйымдастыру

және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету

субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге

арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);

2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың

көш

Web bage by VG-Studio