Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі ядролық қаруға қарсы фин активисттерінің арасында қолдау тапты

13333Ү.ж. 17 мамырда Хельсинкиде Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов Дәрігерлер ядролық соғыстың алдын алу үшін Халықаралық қозғалысының со-президенті, ФР Әлеуметтік қамтамасыздандыру және денсаулық сақтау экс-министрі, Парламенттің бұрынғы депутаты Ваппу Тайпале мен оның әлемдік антиядролық желісіндегі серігі, 2015 жылы «City» фин басылымының версиясы бойынша жыл адамы атағы берілген Доктор Илкка Тайпалемен кездесті.

 

Қазақстандық дипломат сұхбаттастарын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, таратпау режимін және қарусыздандыру процесін ілгерітудегі үлесі мен тарихи рөлі туралы хабардар етті.  

Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміздің ядролық қарусыздандыру және таратпау саласындағы нақты жетістіктеріне көңіл аудара отырып, Елші фин активисттерін Ұлт лидерінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы мен Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті барысында жарияланған бастамаларымен таныстырды. Ол әлемдегі геосаяси тұрақсыздық пен халықаралық жағдайдың шиеленісуі тұсында Елбасы идеяларының мәні мен өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына орай елімізде биыл өткізілетін мерейтойлық
іс-шаралардың маңыздылығына баса назар аударды.

Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті кездесудің басты тақырыбы болды. ҚР Президенті әлемді келіспеушіліктерді еңсеруге, қарулы конфликтілерді болдырмау үшін күш-жігер нығайтуға, атом соғысынан бас тартып, «блокты бөлінуден» ынтымақтастықтың жаңа парадигмасына қол жеткізуге шақырғаны ортаға салынды.

Мемлекет басшысының бастамасына комментарий беріп, И.Тайпале әңгімені Манифестің мазмұнының маңызын, Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылыққа қосқан үлесі жағынан саяси жетістіктер үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алған оңтүстік африкалық саясаткерлер Нельсон Мандела мен Фредерик де Клерктің үлестерін бір қатардан көріп отырғанын атаудан бастады.

Доктор Тайпаленің пікірінше, Президент Назарбаев өзінің бейбітшілікке шақыратын жаңа үндеуінде дүниежүзілік қауымдастық тарапынан барынша шұғыл және ұтымды шараларды талап ететін ең күрделі проблемалар топтамасын айқындады. Құжат ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етугебағытталғанконструктивті және инклюзивті келіссөздерді жаңғырту, «Қырғи- қабақ соғыс» заманындағы көзқарастардан арылу, сондай-ақ алғышарттар қоюсыз ядролық арсеналдан  бас тартуға альтернативті тәсіл іздеуге шақырып отыр.

Ең бастысы, мұндай ұстаным мен сұрақтың көтеріліп отыруы Финляндиядағы көптеген антиядролық қозғалысы қайраткерлерінің пікірімен сәйкес келеді.

Құжатты ядролық арсеналдан ерікті бас тарту жөніндегі тарихи шешімнің дұрыстығын дәлелдеген, халықтың бірлігі мен мемлекеттің егемендігін сақтап қалған ғаламдық деңгейдегі беделді әрі көреген саясаткер ұсынғандықтан, ол ерекше құнды екені сөзсіз.

Әлем теңдессіз феноменнің куәсі болды. Оның арқасында Қазақстан серпінді дамуда, қауіпсіздігін қамтамасыз етті, Батыспен де Шығыспен де ашық және терезесі тең қарым-қатынас орнатты. Әрине, Қазақстанның үлгісі бірегей және адамзат шежіресінде ең құрметті орынды иеленуге лайық.

Кездесудің соңында Мұрат Нұртілеуов әлемді жаппай қырып-жою қару қауіп-қатерінен құтқаруға бағытталған игі мақсатты көздейтін Қазақстан мен ФР қоғамдық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылығын білдірді.

Еліміз 2012 жылы «АТОМ» жобасын осындай өзара әрекеттестік үшін ыңғайлы алаң ретінде қарастырылуда.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылау және ҚР Президентінің қазіргі таңдағы басты мәлімдемесі – «Әлем. XXI ғасыр» Манифесін кеңінен тарату мақсатында, финдік антиядролық қозғалыс өкілдерінің кеңірек құрамы қатысуымен кезекті кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.  

Ваппу және Илкка Финляндияның қоғамдық және саяси орталарында құрметті тұлғалар және өмірлерінің елу жылын бейбітшілікті нығайтуға, қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мен атом қаруына тыйым салу істеріне арнаған. Сонымен бірге, олар «ақ аққулар елінде» және шетелде Ядролық қаруға қарсы халықаралық ұйымының (ICAN) активисттері ретінде танымал.

2016 жылдың күзінде И.Тайпаленің жалпы редакциясымен жазылған «Финляндияның 100 әлеуметтік инновациялары» атты кітап қазақ тілінде жарыққа шығуы жоспарлануда. Кітапта Қазақстанмен ниеттес және құндылықтары бір осы бірегей елдің заманауи озық қоғам құрудағы табысты тәжірибесі жөнінде баяндалады.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі

Web bage by VG-Studio