Эстония

 

 

Қазақстан-Эстон қарым-қатынасы

 

          Жалпы мәлімет

 

          1992 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

 

          1995 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, Латвия Республикасындағы (қоса атқарушы) және Эстония Республикасындағы (қоса атқарушы) Елшілігі ашылды.

 

          2011 шілдеде Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өз қызметін бастады.

 

          2012 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және Эстония Республикасындағы Елшілігі (қоса атқарушы) ашылды.

 

          2013 жылғы наурызда Таллинн қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылды.

 

Саяси қарым-қатынас

 

          Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы 1994 жылғы маусымда болған ЭР Президенті Л.Меридің Қазақстанға сапары кезінде негізі қаланған саяси диалогты ұстанады. Сапар барысында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы шартқа, сондай-ақ, сыртқы саяси ведомстволар ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.

 

          1994 жылғы тамызда жауап ретінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Эстония қаласына ресми сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

 

          2011 жылғы 20-21 сәуірде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Эстонияға мемлекеттік сапары болды. Бұл сапардың барысында оның ЭР Президенті Т.Ильвеспен, Премьер-Министрі А.Ансиппен, Спикері Рийгикогу Э.Эргмамен, Талинн қаласының мэрі Э.Сависаармен кездесулері өтті. Келіссөздер нәтижесінде мемлекетаралық әріптестікті тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

 

          2009 жылғы 7-9 қыркүйекте өткен Эстония Премьер-Министрі А.Агнсиптің Астана қаласына ресми сапарының барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және Парламент Сенатының Спикері Қ.Тоқаевпен келіссөздері жүргізілді.  Келіссөздер нәтижесінде екі елдің дипломатиялық паспорт иегерлерін визалық талаптардан босату туралы, экономика, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ, Қазақстан мен Эстонияның білім және ғылым министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

 

          2012 ж. 4-5 мамырда Эстонияның сыртқы істер министрі У.Паэтаның Астанаға жасаған ресми сапары барысында Эстония Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ресми түрде салтанатты ашылуы өтті.

 

          2012 жылғы 6 қыркүйекте ЭР Премьер-Министрі А.Ансиптің Астана қаласына жасаған жұмыс сапары барысында, оның ҚР Президенті Н.Назарбаевпен келіссөзі өтті. Сапар барысында ҚР Премьер-Министрі Қ.Мәсімовтің қатысуымен қазақстан-эстон бизнес-форум өткізілді.

 

          2013 жылғы 22-24 мамырда ЭР Экономика және коммуникация министрі Ю.Партсмонның басшылығымен эстон бизнесмендер делегациясы 6-шы Астаналық экономикалық форумға қатысты.

 

          2014 жылғы 19-21 мамырда Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Эстонияның парламент тобының басшысы Д.Бородичтің Қазақстанға  ресми сапары өтті.

 

2014 жылғы 13-16 қарашада Эстониямен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстанның парламент тобының басшысы Б.Ертаевтің Эстонияға  жұмыс сапары өтті. Оның эстондық парламентариймен кездесуі кезінде ҚР мен ЭР арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды.

 

          2015 жылғы 26-27 ақпанда Эстонияның экс-президенті А.Рюйтелдің Қазақстанға жұмыс сапары өтті. Беделді саясаткер салмақты эстондық бизнес-делегациясымен бірге жүрді. Келіссөздің негізгі мәселесі транзиттік-көліктік салада, сондай-ақ бірлескен өндіріс құру үшін эстондық алдынғы қатарлы агроөнеркәсіптік технологияларын енгізуде қарым-қатынас орнату болды.

 

2015 жылғы 30 мамыр – 2 маусым аралығында А.Рюйтель ҚР-ға екінші сапары қуғын-сүргінге ұшыраған эстондықтардың қамауда болған жерлерін (Қарағанды облысы Спасск селосы) көрумен және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды тақтайшаның ашылуына қатысуымен байланысты болды.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

 

          Қазіргі уақытта ҚР мен ЭР арасындағы екіжақты сауда көрсеткіштері аса жоғары емес, соның ішінде жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың теріс әсері себеп болып отыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 50,9 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 15 млн. доллар, импорт – 35,9 млн. доллар. 2014 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 57,7 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 1,4 млн. доллар, импорт – 56,3 млн. доллар.

 

          Қазіргі таңда ҚР-да эстон капиталының қатысуымен экспорттық және импорттық операциялармен, құрылыспен, делдалдық қызмет көрсетумен, жиһаз жасаумен, азық-түлікпен айналысатын 70 аса кәсіпорын қызмет етуде.

 

          ҚР үшін Эстониямен ынтымақтастықта ерекше қызығушылық танытатын салалар: транзиттік-көліктік, экология және жарық үнемдегіш технологиялар, суды үнемдеу, шекараны қорғау, сондай-ақ, IT технологиялар. Бұл салаларда Еуроодақ ішінде Эстония жоғарғы орынды алып отыр.

 

2009 жылғы қыркүйекте болған ЭР Премьер-Министрі А.Ансиптің Астанаға сапарының барысында қол қойылған Экономика, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) құрылды.

 

Қазіргі уақытқа дейін ҮАК-нің 4 отырысы (2010 ж. наурыз Таллинн қ., 2011 ж. ақпан Астана қ., 2012 ж. тамыз Таллинн қ., 2013 ж. қараша  Астана қ.) өтті.

 

Транзиттік-көліктік саладағы ынтымақтастық. Бұл елде көліктік инфрақұрылым жүйесін дамыту қызмет етуде. Эстония өзінің теңіз порттары арқылы қазақстандық жүктердің өтуіне үлкен қызығушылық танытуда және жәрдемдесуге әзір екендігін білдіруде.

 

2011 жылғы 15 маусымда Астана қаласында және 8 тамызда Таллинн қаласында Эстонияға сапарының қорытындысы бойынша берілген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қазақстан-эстон сарапшылар тобының отырысы өтті.

 

2014 жылғы 22-23 мамырда 7-ші Астаналық экономикалық форум шеңберіндегі жыл сайынғы 18-ші «Көлік және логистика» қазақстандық халықаралық көрмесінде эстон тарапы «Эстония – Сіздердің логистикалық таңдауыңыз» атты ұлттық стендін ұсынды. Бұл жұмысқа эстон тарапының үздік компаниялар қатысты.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

 

2004 жылдан бастап Таллин қаласында «Абай» қазақ қауымдастығы қызмет етуде. Онда Қазақстанның мәдениеті мен тарихына арналған іс-шаралар өткізіледі.

 

2009, 2011 және 2014 жылдары Таллинy қаласында қазақстандық кино фестивальдері өткізілді.

 

Web bage by VG-Studio