Финляндия

Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 13 мамырда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2010 жылғы 3 наурызда Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2013 жылғы 4 қыркүйектен бастап Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Райсанен болып табылады.   

2012 жылғы 11 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғ.Қойшыбаев болып табылады.   

Саяси қатынастар

Дипломатиялық қатынастар орнатылған кезден бастап Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар жедел дамуда. Халықаралық саясаттың негізгі мәселелері бойынша екі елдің ұстанымдары бір-біріне жақын және ұқсас келеді.   

1992 жылғы қыркүйекте Финляндия Республикасының Президенті М.Койвисто Қазақстанға келген уақыттан бастап екі елдің басшылығы арасындағы саяси диалог басталды. 2009 жылы наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Финляндияға Мемлекеттік сапары болып өтті, бұл Скандинавия елінің Қазақстанмен саяси сұхбатты нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге табанды икемділігін көрсетті.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ФР Президенті Т.Халонен басшылығымен Финляндия делегациясы Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты.

2011 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев ФР Президенті Т.Халоненмен екі рет кездесті: Петербург халықаралық экономикалық форум шеңберінде (маусым) және БҰҰ Бас Ассамблея сессияның аясында (қыркүйек).

2012 жылғы 27 наурызда Сеул ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ФР Президенті С.Ниинистёмен кездесуі өтті.

2012 жылғы 21 мамырда Чикаго қаласындағы НАТО саммиті шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың ФР Сыртқы істер министрі Э.Туомиоямен келіссөздері өтті.

2012 жылғы 9-13 қыркүйек кезеңінде ФР Парламенті Қорғаныс және қауіпсіздік комитеті делегациясының Қазақстанға сапары өтті.

2013 жылғы наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаровтың және Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Финляндияға сапарлары ұйымдастырылған.

2013 жылғы 16-18 сәуір кезеңінде Финляндия Республикасының Президенті С.Ниинистёнің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.

2013 жылғы 5-6 желтоқсанда Киев қаласында ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың ФР Сыртқы істер министрі Э.Туомиоямен кездесуі өтті.

2014 жылғы 2-6 наурыз кезеңінде Финляндия Республикасы Парламентінің спикері Э.Хейнялуоманың Қазақстанға ресми сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2012 жылы Қазақстан-фин тауар айналымының көлемі 776,4 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 526,6 млн.долл., импорт – 249,8 млн. долл.), бұл 2011 жылғы көрсеткіштерден 6,4 %-ға аз. 

2013 жылы көлемі 916,5 млн. АҚШ. долл. (экспорт – 669,2 млн.долл., импорт – 247,2 млн. АҚШ. долл.) құрады.

2014 жылы көлемі 1,1561 млрд.долл. құрап (оның ішінде экспорт – 893,6 млн.долл, импорт – 262,5 млн.долл.), 2013 жылдың ұқсас уақытының көрсеткіштерінен 26,1%-ға жоғары болды. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылған (1992 г.), Қазақстан-фин Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) екіжақты қатынастарда маңызды рөл атқаруда. Бүгінгі күні Үкіметаралық комиссияның жалпы сегіз отырысы өткізілді (1993 жылғы 16-19 қарашада, 2004 жылғы 27-28 қазанда, 2005 жылғы 27-28 қазанда, 2007 жылғы 28 мамырда, 2008 жылғы 3 қарашада, 2011 жылғы 23 ақпанда, 2012 жылғы 5 қазанда және 2014 жылғы 27 наурызда).

Мәдени-гуманитарлық байланыстар

Қоғамды ақпараттандыру, әлемдегі ең жоғары білім деңгейлерінің бірін қамтамасыз ету, мәдени ұқсастықты және ана тілді сақтау бойынша Финляндия тәжірибесі Қазақстанды айтарлықтай қызықтыруда. 

Қазіргі заманғы Қазақстанның кино өнерін таныту мақсатында Қазақстан Елшілігі 2010 жылғы мамырда қазақ киносының бірінші фестивалін және 2012 жылғы желтоқсанда «Қазақстан кино күндерін» Финляндияда өткізді.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытуда ғылым және білім саласында тұрақты негізде жұмыс тәжірибесімен алмасу жүргізілуде.

2012 жылғы 31 қаңтар - 7 ақпан аралығында құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің өкілдері қатысқан Қазақстан делегациясы Финляндияның жұмыс тәжірибесімен және жалпы білім жүйесімен танысу мақсатында Финляндияда сапармен болды.  

Қазақстан мен Финляндия Ұлттық мұрағаттары арасындағы ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда. 

Web bage by VG-Studio