Финляндия «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысады

expoҮ.ж. 26 мамырда Финляндия Үкіметі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы ресми шешім шығарды.

ФР Экономика министрі О.Рэн мен Сыртқы сауда министрі Л.Тойвакканың пікірі бойынша, бұл шешім Финляндияның Қазақстанмен әртүрлі салалардағы ынтымақтастығына жаңа динамика беруге ынтасын дәлелдейді. Бүгінгі таңда энергетика, энергия үнемдеу және жаңа технологиялар екіжақты қарым-қатынастардың басым бағыттарының бірі.

 

«Финляндия энергетика саласындағы жаңалықтар мен «таза» технологиялар дамытуда әлем көшбасшыларының қатарына кіреді. «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі фин павильонында еліміздің озық тәжірибесі мен жетістіктері көрсетіледі. Қазіргі таңның өзінде көптеген фин энергетикалық компаниялары Қазақстан нарығында жұмыс істейді. Көрмеге атсалысу біздің бизнес қауымдастықтың Орталық Азияға деген қызығушылығын арттыра түсетініне сенім мол», - деп атап өтті О.Рэн.

«Финляндияның халықаралық көрмесіне қатысуы – фин экспортын ілгерлету тұрғысынан маңызды қадам. Энергетика, «таза» технологиялар және білім салаларындағы өзара белсенді ықпалдастыққа қарамастан, бұл бағыттарда екі мемлекет арасында әлі қолданылмаған әлеует өте зор.  

Қазақстан мен оған көршілес аймақтар фин компаниялары үшін жаңа және серпінді дамып жатқан нарықтар ретінде қызуғышылық тудырады.

Астанаға тікелей рейс ашу Қазақстан және басқа да Орталық Азия мемлекеттерімен тұрақты байланыстарымызды сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі елдің туризмді дамытуына жақсы ықпал етеді» - деп мәлімдеді Л.Тойвакка.

Ресми Хельсинки «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығымен тұспа-тұс келуіне ерекше мән береді.

Қазақстан Республикасының

Финляндия Республикасындағы Елшілігі

Web bage by VG-Studio