ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Илкка Канервамен кездесу

Meeting with Kanerva - 12016 жылғы 12 ақпанда Хельсинки қаласында Финляндиядағы Қазақстан Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Илкка Канервамен кездесуі өтті. 

Қазақстандық дипломат алдағы 20 наурызда өтетін ҚР Парламент Мәжілісі мен жергілікті билік органдарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы хабардар етті. Елші Ғалымжан Қойшыбаев сайлау процесін ішкі заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық және транспарентті сайлау өткізуге еліміздің дайындығын атап өтті. Әсіресе, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын халықаралық байқаушылар институты қамтамасыз ететінін, сондай-ақ Қазақстан сайлау мониторингіне белсенді қатысуын күтетінін айтты.

 

ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Қазақстан Ұйымның негіз болатын  құндылықтарын бөлісетін, сонымен қатар сайлау процесіне жауапты және сенімді серіктес болып табылатынын атап өтті. Ол 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінде үлесін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі шеңберінде саяси және діни қайраткерлердің диалогының жалғасы болатын Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «Діндер терроризмге қарсы» (Астана қ., 2016 жылы 31 мамыр) парламенттік конференцияға қатысуға  Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ЕҚЫҰ ПА басшысына шақыру қағазын табыс етті. 

Шақырғаны үшін алғысын білдіре келе, беделді халықаралық ұйымның басшысы қазіргі жағдайда діндер арасындағы үнқатысудың маңыздылығын, сондай-ақ дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда Астананың күш-жігерін қолдайтының атап өтті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ ПА басшысын Астананың сыртқы саясатының негізгі басымдықтары институттық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» және                     ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауымен таныстырды.

Қазақстан Республикасының

Финляндия Республикасындағы Елшілігі

Web bage by VG-Studio