Финляндияда Хоргостағы көліктік логистикалық хабының мүмкіндіктері ұсынды

khorgosҮ.ж. 16 қарашада Хельсинкиде Еуропалық комиссиясы өкілдігінің ғимаратында фон Витте Фонды мен Аалто Университеті бірлесіп ұйымдастырған «Тарихи Жибек жолының өркендеуі» атты халықаралық семинары өтті.

Іс-шарада шет елшілері, Финляндияның іскерлік топтары, журналисттер және академиялық қоғам өкілдері қатысты.
Форум ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы белгілі ресей саяси қайраткері Сергей Виттенің ұрпағы, барон Владимир фон Витте ашты. С.Виттенің тағдыры Транссібірлік магистраль тарихымен тығыз байланысты.
Өз сөзінде Елші Ғалымжан Қойшыбаев инфрақұрылым дамуы Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының өзегі болып табылатынын атап өтті. Хоргостағы көліктік логистикалық хабы – ауқымды жобаның іске қосылуына ерекше маңызды мән береді.
Іс-шараның шеңберінде қатысушылар «Қорғас» ХШЫО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА - көліктік логистикалық хабының нысандарымен танысты. Қазақстандық дипломат маңызды нысана трансконтиненталдық тасымалдау мен шекаралас сауда инфрақұрылымының іске қосылуына орай артықшылыққа ие болуға шақырды.
Өз сөздерінде Финляндия іскер топтарының өкілдері Жібек жолы жобасын жүзеге асыру шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастығының болашағын атап өтті.
Хельсинкиде фон Витте Фонды қазіргі заман мәселелерін талқылау және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дамыту қадамдарын жасау үшін саясаткерлер, ғалымдар мен бизнесмендерді жинайтын тиімді сұхбат алаңы болып табылады.

Қазақстан Республикасының
Финляндия Республикасындағы Елшілігі

Web bage by VG-Studio