Елдің авиаторлардың жаңа ұрпағы: Финляндияда 12 қазақстандық курсанттары ұшқыштың дипломын алды

IMG 5335Ү.ж. 30 қазанда Хельсинки қ. Финляндияда оқу-ұшу дайындығын бітірген ҚР Азаматтық авиация академиясы қазақстандық студенттер-түлектерінің бірінші тобына ұшқыштардың халықаралық сертификаттарын табыстау салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шарада ФР СІМ өкілдері, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары, ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «Patria» ұшқыштар мектебінің басшылары қатысты.
Елші Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстанның азаматтық авиация академиясының түлектерін құттықтап, оларға кәсіби саласындағы қызметіне табыстар тіледі. Ол қазақстандық ұшқыштардың Финляндияда оқуы Финляндияның Президенті С.Ниинистёнің 2013 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесі бойынша жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың тәжірибелік қорытындысы болғанын еске салды. Осы уақыт ішінде, Қазақстанның 12 студенті екі жылдық оқытуды Хельсинкиде негізделген ұшқыштар мектебінде ұшу дайындығынан өтті. Қазақстандық дипломат ҚР авиация саласы үшін жоғары білікті мамандар дайындауға қосқан үлесі үшін «Patria» ұшқыштар мектебінің басшылығына алғысын білдірді.
Сыртқы сауда және даму Министрі Л.Тойвакка атынан ФР СІМ өкілі П.Пелтокоски білім саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге Финляндияның қызығушылығын білдірді. Білім беру саласында «Patria» мектебінің оқу бағдарламалары екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылатынын айтты.
Patria Pilot Training компаниясының Бас директоры М.Паронен Қазақстанмен өзара әрекеттесудің стратегиялық сипатын атап өтіп, кадрларды дайындау саласында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға терең қызығушылық танытатындықтарын білдірді.
«Коммерциялық авиацияның ұшқышы» мамандығы бойынша лицензияны алу деңгейіне дейін Қазақстандық студенттерінің оқуы Авиациялық қауіпсіздік еуропалық агенттігінің (European Aviation Safety Agency, EASA) талаптарына сәйкес өтуде. Еуропалық стандарттар бойынша сертификатталған қазақстандық ұшқыштары ішкі және халықаралық рейстерді орындай алады.

Қазақстан Республикасының
Финляндия Республикасындағы Елшілігі

Web bage by VG-Studio