Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шеңберінде Хельсинкиде Қазақ киносының күндері өтті

dk32015 ж. 18-19 қыркүйекте фин астанасында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға байланысты Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара «Қазақфильм» АҚ көмегімен Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігімен ұйымдастырылған.

Ашылудың салтанатты рәсімінде Қазақстанның Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев қазақ мемлекеттілігі құрылуының мерейтойлық жылдығын мерекелеу біздің халқымыздың тарихи мұрасын зерделеуге себеп болды деп атап өтті. Ауыр сынақтарға қарамастан Өз тарихының шешуші кезеңдерінде Ұлы Дала тұрғындарына түскен ауыр жағдайға қарамастан, қазақ халқы бостандық пен тәуелсіздік мұраттарына деген сенімін ешқашан жоғалтқан емес. Көрсетілімді бұл мұраттарға арналған режиссер Сатыбалды Арымбетовтың Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың халық-азаттық қозғалысы бойынша жұмыстарына тарих ғылымының докторы атағына алғаш ие болған қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов туралы «Аманат» атты картинасы ашты. Өзімен отаншылдық пен мінез тұрақтылығының үлгісін берген көрнекті ғалымның қайғылы тағдыры залда отырған қонақтарды немқұрайлы қалдырған жоқ.
Финляндияның СІМ өкілі Пяйви Пелтокоски Хельсинкиде Қазақ киносының күндерін өткізу екіжақты ынтымақтастықтың жан-жақты сипатын көрсететін тамаша мысал екенін атап өтіп, қазақстандық кинематографтың соңғы жылдардағы жаңалықтарымен танысу мүмкіндігіне алғыс білдірді.
Сенбі, 19-қыркүйекте кинотеатрдың залы қазақ киносына түгелдей берілді. Фин көрермендердің назарына әр түрлі жанрдағы үш көркем фильм көрсетілді. Атап айтқанда, «Шлагбаум», «Шал» және Қазақтан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың естелігімен түсірілген, «Елбасы жолы» биографиялық кино эпопеясынан «Темір тау» атты көрнекті фильмдері көрсетілді.
Назар аударарлық, «Темір тау» фильмнің бірқатар эпизодтары Финляндияда түсірілген – Қазақстанның Президенті 1962 жылы Хельсинкиде өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің делегаты болғаны белгілі.
Хельсинкидегі Қазақ киносы күндерінің қонақтары ретінде фин қауымдастығы, Финляндияның Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық корпусы, қазақстандық диаспора, «Қазақстанның достары» клубының өкілдері, сондай-ақ Финляндияда оқитын қазақстандық студенттері болды.

Қазақстан Республикасының
Финляндия Республикасындағы Елшілігі

Web bage by VG-Studio