Қазақстандық делегация Хельсинкиде ЕҚЫҰ-ның 40-жылдығына орайластырылып өткізілген іс-шараға қатысты

32015 ж. 10 шілдеде Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына бастау берген, осыдан 40 жыл бұрын Хельсинкілік қорытынды актісіне қол қойылған «Финляндия Холл» тарихи конгресс сарайында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегация өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.

 

Іс-шараға қатысушылар Ұйымның 40 жыл ішіндегі жұмысын қорытындылай, ЕҚЫҰ жұмысының тиімділігін арттыру мен жетілдіру жолдары бойынша пікір алмасты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Қазақстан делегациясының басшысы өз баяндамасында Астана декларациясының рухани ерекшеліктеріне сәйкес ЕҚЫҰ кеңістігінде бірыңғай қауіпсіздікті нығайту мен қауіпсіздік желісінің үзілуін болдырмау қажеттілігіне назар аударды. Халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту тұрғысында қазақстандық тарап сенім шараларын қамтамасыз етуді қоса алғанда қолда бар қауіпсіздіктің тәжірибелік тетіктері мен тәсілдерін жаңғыртуға шақырды.

Іс-шара шеңберінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерінің бейресми пікір алмасулары өткізілді. Еуропалық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге, соның ішінде Украинадағы шиеленістің ЕҚЫҰ аумағындағы тұрақтылыққа әсері аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар, сонымен бірге, ү.ж. желтоқсанда Белградта өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.

Web bage by VG-Studio