Қазақстанның әскери тұтқындарының тағдырларында беймәлім парақтары Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды

             Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында Хельсинки қаласында Қазақстан Елшісі Ғалымжан Қойшыбаевтың Финляндия Ұлттық мұрағатының Бас директоры Юсси Нуортевамен кездесу өтті.

             Мұрағат директоры Ю. Нуортева мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Финляндия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды үлес болып табылатынын атап өтті.

Әңгіме барысында, фин тарапы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан және Финляндияда жерленген Қазақстанның 268 әскери тұтқындар-тумалардың тағдырлары туралы мәліметтерді ресми түрде тапсырды. Осыдан бұрын аталмыш ақпарат жартылай Қарағанды, Павлодар облыстарының және Астана қаласының мұрағаттарына берілген.

 

Сонымен қатар, фин тарапы Финляндия аумағында болған (олардың арасында Қазақстан тумалары болуы мүмкін) және соғыстың аяқталуынан кейін репатриация кезінде КСРО аумағына оралған бұрынғы кеңестік әскери тұтқындардың тағдыры туралы қолда бар ақпаратты беруге дайын екенін білдірді.

Құрбан болған қазақстандық жауынгерлердің есіне Финляндияның құрметпен қарағаны үшін сый көрсете отырып, ҚР Елшісі Қазақстан мен Финляндияның жалпы тарихы тұрғысынан, кеңестік әскери тұтқындардың, соның ішінде біздің еліміздің соғыс тумаларының тағдырларын зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат мұрағат ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ұзақ дәстүрлерін атап өтіп, оның бастамасы ретінде 2009 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға сапары барысында Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі және Финляндияның Ұлттық мұрағаты арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімін атады.

Осы келісімдер негізінде, екі жақ бірнеше рет екі елдің тарихы туралы құжаттармен алмасты. Атап айтқанда, Финляндияның Ұлттық мұрағаты қорынан 1941-1944 жылдардағы жауынгерлік әрекеттер кезінде қаза тапқан немесе тұтқынға түскен қазақстандықтардың тағдырлары туралы ақпарат берілді. Өз кезегінде, фин тарапы 1941-1944 жылдары Қазақстандағы әскери тұтқындар үшін Қарағанды лагерінде болған фин соғыс тұтқындары туралы құжаттар алды.

Финляндия аумағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді анықтау бойынша жұмыс, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын Қазақстанда дайындау және тойлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Финляндияның Мұрағатымен Хельсинкидегі қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің өтініші бойынша жасалынды.

  Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан және Финляндияда жерленген Қазақстанның әскери тұтқындары-тумалардың тізімі.

Web bage by VG-Studio