Қазақстанның Елшісі Шығыс Финляндияның экономика және білім әлеуетімен танысты

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев Солтүстік Саво провинциясының әкімшілік орталығы – Куопио қаласында жұмыс сапарымен болды.

Елші Ғ.Қойшыбаев аталған сапар шеңберінде Куопио қаласының экономика, ғылыми-техника және білім әлеуетімен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, Куопио қаласының әкімі П.Пароненмен сауда-экономикалық өзара әрекеттесу мәселесі бойынша мазмұнды келіссөздер өтті. Сұхбат барысында қазақстандық дипломат жергілікті өкімет органдарын Қазақстанның ағымдағы ахуалымен және экономикасының даму үрдісімен, шетелдік бизнес мүмкіндіктерімен, сонымен қатарфин іскер топтарының өкілдерін Қазақстанда ортақ жобаларды жүзеге асыруды қатысуға шақырды.

Толығырақ...

Финляндияда Қазақстанның Елші қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуі өтті

Ү.ж. 19 қазанда Хельсинки қаласындағы Қазақстан Елшілігінде Елші Ғалымжан Қойшыбаевтың Финляндиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен бірінші кездесуі өтті.

Елші Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының қарқынды дамуы мен халықтарымыздың арасындағы дәстүрлі достық байланыстардың нығайып отырғанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат жерлестерге Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай туралы, сонымен қатар шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты саясатқа түсінік беріп, олардың ұлттық-мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазақ диаспорасымен бірлескен шаралар өткізу жөнінде нақты ұсыныстар жасады.

Өз кезегінде диаспора өкілдері Финляндияда қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің ашылуын қолдап, елден тыс тұратын отандастарға көңіл аударылғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесу барысында диаспора өкілдері мәдени-гуманитарлық байланыстары дамыту жөнінде ұсыныс жасады. Оның ішінде жастар мен балаларға ана тілін үйрету, қазақтың салт дәстүрі мен мәдениетімен таныстыру мақсатында Финляндияда қазақ ұлттық-мәдени бірлестікті құруды ұсынды.

Қазіргі уақытта бейресми мәлімет бойынша, Финляндияда 300 этникалық қазақтар тұрады.

Web bage by VG-Studio