Финляндия «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысады

expoҮ.ж. 26 мамырда Финляндия Үкіметі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы ресми шешім шығарды.

ФР Экономика министрі О.Рэн мен Сыртқы сауда министрі Л.Тойвакканың пікірі бойынша, бұл шешім Финляндияның Қазақстанмен әртүрлі салалардағы ынтымақтастығына жаңа динамика беруге ынтасын дәлелдейді. Бүгінгі таңда энергетика, энергия үнемдеу және жаңа технологиялар екіжақты қарым-қатынастардың басым бағыттарының бірі.

Толығырақ...

Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі ядролық қаруға қарсы фин активисттерінің арасында қолдау тапты

222Ү.ж. 17 мамырда Хельсинкиде Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов Дәрігерлер ядролық соғыстың алдын алу үшін Халықаралық қозғалысының со-президенті, ФР Әлеуметтік қамтамасыздандыру және денсаулық сақтау экс-министрі, Парламенттің бұрынғы депутаты Ваппу Тайпале мен оның әлемдік антиядролық желісіндегі серігі, 2015 жылы «City» фин басылымының версиясы бойынша жыл адамы атағы берілген Доктор Илкка Тайпалемен кездесті.

Толығырақ...

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Илкка Канервамен кездесу

Meeting with Kanerva - 12016 жылғы 12 ақпанда Хельсинки қаласында Финляндиядағы Қазақстан Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Илкка Канервамен кездесуі өтті. 

Қазақстандық дипломат алдағы 20 наурызда өтетін ҚР Парламент Мәжілісі мен жергілікті билік органдарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы хабардар етті. Елші Ғалымжан Қойшыбаев сайлау процесін ішкі заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық және транспарентті сайлау өткізуге еліміздің дайындығын атап өтті. Әсіресе, сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын халықаралық байқаушылар институты қамтамасыз ететінін, сондай-ақ Қазақстан сайлау мониторингіне белсенді қатысуын күтетінін айтты.

Толығырақ...

Финляндияда Хоргостағы көліктік логистикалық хабының мүмкіндіктері ұсынды

khorgosҮ.ж. 16 қарашада Хельсинкиде Еуропалық комиссиясы өкілдігінің ғимаратында фон Витте Фонды мен Аалто Университеті бірлесіп ұйымдастырған «Тарихи Жибек жолының өркендеуі» атты халықаралық семинары өтті.

Толығырақ...

Елдің авиаторлардың жаңа ұрпағы: Финляндияда 12 қазақстандық курсанттары ұшқыштың дипломын алды

IMG 5335Ү.ж. 30 қазанда Хельсинки қ. Финляндияда оқу-ұшу дайындығын бітірген ҚР Азаматтық авиация академиясы қазақстандық студенттер-түлектерінің бірінші тобына ұшқыштардың халықаралық сертификаттарын табыстау салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...

Web bage by VG-Studio