Пресс-релиздер

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау шеңберінде Хельсинкиде Қазақ киносының күндері өтті

dk32015 ж. 18-19 қыркүйекте фин астанасында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға байланысты Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара «Қазақфильм» АҚ көмегімен Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігімен ұйымдастырылған.

Толығырақ...

Қазақстандық делегация Хельсинкиде ЕҚЫҰ-ның 40-жылдығына орайластырылып өткізілген іс-шараға қатысты

32015 ж. 10 шілдеде Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕҚЫҰ) жұмысына бастау берген, осыдан 40 жыл бұрын Хельсинкілік қорытынды актісіне қол қойылған «Финляндия Холл» тарихи конгресс сарайында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегация өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.

Толығырақ...

«Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» Екінші халықаралық байқаудың қорытындылары жария етілді: ұйымдастырушылар мақалалар сапасының өсуі мен қатысушылар ауқымының кеңеюін атап отыр

Астана мейрамының қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан журналистер Одағы шетелдік тілшілер арасында өткізілген «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты Екінші халықаралық байқаудың нәтижелерін жария етті.

Толығырақ...

Қазақстандық делегация Хельсинкиде өткен Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастамасының жалпы отырысына қатысты

image5 52015 ж. 16-17 маусымда ЕҚЫҰ жұмысына бастау берген, яғни бұдан 40 жыл бұрын Хельсинкілік қорытынды актісіне қол қойылған Хельсинкидің «Финляндия Холл» атты тарихи конгресс сарайында Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастамасының жалпы отырысына (ЯЛКЖБ) Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Толығырақ...

Қазақстанның әскери тұтқындарының тағдырларында беймәлім парақтары Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды

             Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында Хельсинки қаласында Қазақстан Елшісі Ғалымжан Қойшыбаевтың Финляндия Ұлттық мұрағатының Бас директоры Юсси Нуортевамен кездесу өтті.

             Мұрағат директоры Ю. Нуортева мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Финляндия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды үлес болып табылатынын атап өтті.

Әңгіме барысында, фин тарапы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан және Финляндияда жерленген Қазақстанның 268 әскери тұтқындар-тумалардың тағдырлары туралы мәліметтерді ресми түрде тапсырды. Осыдан бұрын аталмыш ақпарат жартылай Қарағанды, Павлодар облыстарының және Астана қаласының мұрағаттарына берілген.

Толығырақ...

Web bage by VG-Studio